Оңтүстіктің тумасы Димаш Ниязов Нью-Йоркте полициядағы ерекше қызметі үшін арнайы жетонмен марапатталды. Бұл туралы Шымкенттің жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейрхан өзінің Facebook парақшасында жазды.
"Менің əріптесім Димаш Ниязов туралы Нью-Йорк қаласы тағы да сөз айтуда. Өйткені, Қазақстанның тумасы наградталды, яғни жоғары деңгейде атқарылған қызметі үшін арнайы жетонмен марапатталды. Димаш Бруклин аумағындағы қылмыстың төмендеуіне үлес қосып, əріптестеріне қарағанда жұмысты жақсы атқарып, есірткі бизнесінің басшысын ұстаған болатын. Байқаңыздар жетонда біріккен америка штаты туының қасында біздің мемлекетіміздің туы бар.
Димаш, мен сені осы наградамен шын жүректен құттықтаймын. Танысқанымызға өте қуаныштымын, біздің мамандығымыздағы жетістіктеріңді мақтан тұтамын. Алдағы уақытта басшылықтың алдында белсенді қызмет атқаруыңа тілектеспін. Менің ойымша, əлемдегі əрбір мемлекеттің погон таққан адамдарына, олардың еңбектерін бағалайтын басшы бар екенін білуі маңызды. Өкінішке орай, біздің жүйемізде барлығы өзгеше əзірленеді. Көбінесе қатардағы қызметкерлер марапаттаусыз қалып немесе алғыс сөзін де естімейді. Бірақ, дəл осы қызметкерлер күндіз түні көрсеткішке жұмыс істеуде. Погондағы еңбекқорларды олардың басшылары мансапқұмар деп айтады, ал өз жұмысының сапасын көрсету теріс қылық ретінде қабылдануда",- дейді Данияр Мейрхан.