Жерлеу рәсімінде аста- төк дастархан жаюға тыйым салынды

1291

Жерлеу рәсімінде аста- төк дастархан жаюға тыйым салынды

Көкшетауда жаназа мен жерлеу рәсімінде ас та төк дастархан жаюға тыйым салынды. Мұндай шешімді Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілдігі және "Ел бірлігі" қоғамдық бірлестігі шығарып отыр, деп хабарлайды Sn.kz.

Үш жақты жасалған келісім нәтижесінде имамдар мен ардагерлер қаза кезіндегі ысырапшылдыққа жол бермейді. Олар мұндай шешім ҚМДБ-ның "Жаназа және жерлеу рәсімдері туралы" пәтуа кітабына сүйене жасалған.

Қайғыға бөгіп, қиналып отырған үй иелеріне астау-астау ет асып, мүше тарату оңай емес. Сол үшін де асқа етпен бірге қияр мен қызанақ, ал шәйға бауырсақ, сары май, қант, құрма, кәмпит, печенье қою ұсынылған.

Енді облыстағы барлық мешіттердегі асханаларда алдағы уақытта осы бекіткен талап бойынша ғана дастархан жайылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу