"Жерлеу және жерлеу ісі туралы" заң жоқ

966

Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында Сенатор Еділ Мамытбеков осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жерлеу және жерлеу ісі туралы" заң жоқ Фото: inform.kz

Депутат қолданыста заңнамалық актінің болмауы болашақта мәселе туғызуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

"2017 жылы сенатор Ольга Перепечина "Жерлеу және жерлеу ісі туралы" заң жобасын әзірлеу қажеттігі туралы сауал жариялады. Алайда салалық мемлекеттік органдар бұл мәселені елемей, сөзбұйдаға салып жіберді. Қазақстанда салт пен жөн-жоралғы қызметін көрсететін жеке фирмалар пайда бола бастады. Қазір олардың саны қаулап өсіп барады. Заң қабылданса, осындай маңызды саланы бақылап қана қоймай, оны қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, жерлеу мәселесін реттейтін заңнамалық актінің болмауы түрлі құқық бұзушылыққа алып келеді. Қылмыстық түрде жерлеу, заңсыз бизнес жүргізу фактілері де болуы ықтимал. Қазір бізде эксгумация мен "жерлеу және жерлеу ісі туралы" заң жоқ", – деді сенатор. 

Еділ Мамытбековтің мәлімдеуінше, жерлеу, зираттарды күтіп-ұстау саласындағы қоғамдық қатынасты реттейтін заңнамалық актіні уақыт оздырмай әзірлеп, қабылдау қажет. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу