Жыл басынан бері Жерорта теңізі арқылы Еуропа аспақ болған 1,5 мыңнан аса босқын мерт болған. Бұл жайында миграция жөніндегі халықаралық ұйымның ресми өкілі Джоэль Миллман мәлімдеді, деп жазады kazislam.kz.
Ұйым мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар айынан 25 шілдеге дейінгі аралықта Еуропаға теңіз жолдары арқылы 55 мың босқын өткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе төмен. Жерорта теңізінде 1 504 адам, оның ішінде балалар мен әйелдер қаза тапқан.
Босқындардың басым бөлігін Испания қабылдады – 20 992 адам. Екінші орында Италия – 18 130 адам. Бұдан кейін Грекия (15 528 босқын) мен Мальта (243 босқын).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу