Жерорта теңізінде 250 босқын жоғалып кетті

927

Жерорта теңізінде 250 босқын жоғалып кетті

Жерорта теңізінде бірнеше күн ішінде 250 мигрант ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бұл жантүршігерлік мәліметті БҰҰ жария етіп отыр.

Қайғылы оқиғалардың бірі 5 мамыр күні болған. Ол кезде 130-дан астам адам мінген резеңке қайық суға кеткен. Құтқарушылар шамамен 50 жолаушыны ғана аман алып қалды. Ал екінші оқиға араға бірер күн салып, Ливия жағалауында тіркелді. Мұнда 170 босқын мінген кеме суға батып, мамандар тек 6 адамды ғана құтқара алды. Қалғандары әлі табылған жоқ.

Айта кетейік, биыл Еуропаға теңіз арқылы 43 мыңнан астам мигрант қоныс аударған. Тағы 1300-ден астамы Жерорта теңізінде қаза тапқан немесе ізім-ғайым жоғалып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу