Жерорта теңізінде 300-ге жуық мигрант құтқарылды

906

Жерорта теңізінде 300-ге жуық мигрант құтқарылды

Жерорта теңізінде мигранттар мінген кеме апатқа ұшырап, 160 адам құтқарылды, деп хабарлайды 24.kz.

Тағы 20 адам табылмай жатыр. Оның ішінде 4 әйел бар. Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымның өкілі мәлімдеді. Барлығы Италияның Паццало қаласына жеткізілген. Бұдан бөлек Ливияның  жағалау күзеті 130 босқын мінген тағы бір кемені құтқарды. Олардың көбі Ливия жағалауына жеткізіліп, қалғаны Паццало шаһарына апарды.

Айта кету керек, қазір Еуропа елдері ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін ең ірі миграциялық дағдарысты басынан кешіріп жатыр. Ресми дерекке сүйенсек, өткен жылы теңіз арқылы кәрі құрлыққа 171 мың мигрант табан тірепті. Тағы 3 мыңнан астам босқын опат болған. Ал Африка мен Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар мен экономикалық мәселелерден қашқан босқындардың көбін Италия қабылдаған. Бұл мемлекетке 120 мыңдай келімсек келіпті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу