Жерорта теңізінде 90 мигрант көз жұмды

801

Жерорта теңізінде 90 мигрант көз жұмды

Жұма күні Ливия жағалауында мигранттар мінген кеме апатқа ұшырап, кем дегенде 90 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін таңертең Ливия жағалауында қайықтың апатқа ұшырауы салдарынан 90 мигранттың суға батып кеткені туралы хабарланды", - делінген халықаралық миграция жөніндегі ұйымның (ХМҰ) хабарламасында.

"Ливия жағалауына 10 мәйіт шығарылды - олардың екеуі Ливия азаматы және сегізі - пәкістандық", - деді ұйымдағылар.

Аман қалған үш адамның айтуынша, қаза тапқандардың көбі Пәкістан азаматтары. ХМҰ дерегі бойынша, биыл қаңтарда 6,6 мың заңсыз иммигранттар Жерорта теңізі арқылы Еуропаға бармақшы болған. Олардың 246-сы қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалып кеткен. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу