Оқиға 14 қазан күні сағат 19:00 шамасында болады. Мектептің жертөлесінде ұсақ жәндіктерді улау үшін ыстық тұман дезинфекция жұмысы жүргізіледі. Одан шыққан түтін үшінші қабатқа дейін тарап, мектеп қызметкерлері балаларды далаға алып шығуға мәжбүр болған.
Кейін Облыстық білім беру басқармасының басшысы Жолдас Батырхан мектептің бұл жұмысты жүргізуге рұқсат алмағанын мәлімдеген. Ал мектеп директорының орынбасары Оксана Несмеянованың айтуынша, "санэпидмекеме қызметкерлері бұл зиянсыз әдіс деп сендірген, олар түтін ғимаратқа тарайды деп күтпеген". Белгілі болғандай, оқиға кезінде төрт бірдей сыныптың баласы оқып жатқан, олар дереу сыртқа шығарылыпты. Түсірілген бейнежазбадан оқушылардың қорыққаннан жылап, шулап жатқаны көрінеді.
"Жасалған дезинфекция осы қызмет түрінің анықтамасы бойынша адамдардың денсаулығына зиян келтірмейді. Қазіргі уақытта балалардың медициналық мекемелерге уланумен жүгіну жағдайлары тіркелген жоқ. Дәліз бен жертөле толық желдетілді. Ақтөбе қаласының №9 МГ директорына жұмыс күні дезинфекциялық жұмыстарды жүргізгені үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазалау шарасы қолданылды", – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.