Үш қаладағы ЖЭО құрылысына қаржы зейнетақы қорынан бөлінбейді – Роман Скляр

209

Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында 3 ЖЭС салу туралы келісім жасалды және үшінші электроблок МАЭС құрылысы жоспарланған. 

Үш қаладағы ЖЭО құрылысына қаржы зейнетақы қорынан бөлінбейді – Роман Скляр Фото: Pixabay.com

Осы төңірегінде сенатор Сергей Карплюк премьер-министр орынбасары Роман Склярдан қаржыландыру жағы қалай болатынын сұрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz cайты.

Соңғы 5 жылда жылу және электр қуатымен қамтамасыз етуге экономиканың өсіп келе жатқан сұранысын өтеу үшін республикалық бюджеттен 221 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 89 млрд былтыр ғана берілді. 

Алайда қаржыландыру өскенімен, әлі күнге дейін 6 гВт электр қуаты жеткіліксіз. Былтыр электр энергиясын пайдалану 115 млрд кВт/сағ дейін өсті, ал өндіріс 113 млрд кВт/сағ деңгейінде қалған. 

"Сонымен қатар жылумен қамту жүйелері ескірген. 14 мың шақырымға созылған жүйенің 7 мың шақырымын ауыстыру керек. Осының бәрін ескерер болсақ, бұл оқылықтарды түзеуге бір бюджеттің қаржысы жетпейтіні түсінікті. Жыртықты жамауға БЖЗҚ-дан ақша тартылады деген сыбыс бар.  Сондықтан қандай талаптар аясында БЖЗҚ-дан жылу жүйелерін жетілдіруге инвестиция құйылады?" - деп сұрақ қойды сенаторы. 

Қазіргі таңда еліміздегі барлық электр көздерінің жалпы қуаты 21 мың мВт құрайды, алайда қолданыстағы қуаттылық көлемі — 16 мың мВт аз. 

"Сұраныс қатты өскен кезде біз 2 мың мВт жуық электр энергиясын сырттан сатып аламыз — бұл, әрине, үлкен көрсеткіш. Сондықтан біздің елде жаңа электр көздерін құру — өзекті мәселе. Өздеріңіз білетіндей Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында 3 ЖЭС салу туралы келісім жасалды және үшінші электроблок МАЭС құрылысы жоспарланған. Бұл жобалар аталмыш энергия құрылғысын өндіретін елдің экспорттық қаржыландыруы есебінен салынады, арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Бірыңғай зейнетақы қорының қаржысы онда қарастырылмаған. Ал құйылған қаржының қайтарымы тариф түрінде жүзеге асады", — деп түсіндірді Р.Скляр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу