Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Унчахар қаласында жылу электр станциясында болған жарылыс құрбандарының саны 26 адамға жетті, деп хабарлайды Хабар арнасы.
Сондай-ақ тағы 80-ге жуық адам түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Еске сала кетсек, Үндістанда жылу электр станциясында қуаттылығы 500 мегаваттық жаңа блок іске қосылуға тиіс еді. Бірақ дәл сол бөліктен ақау шығып, жұмысшыларды газ бен бу шарпыған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу