Жетекші корпорациялардың таза табысы өскен

806

Әсіресе өнеркәсіп пен сауда саласында қызмет ететін корпорациялар табысқа кенеліп отыр.

Жетекші корпорациялардың таза табысы өскен

2020 жылдың төртінші тоқсанында әлемдік корпорациялардың таза пайдасы өткен жылғымен салыстырғанда айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Nikkei басылымына сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, өткен жылдың қазан және желтоқсан айларында әлемнің 10,2 мыңнан астам ірі корпорациясының таза пайдасы 712,7 миллиард долларға жеткен. Бұл 2019 жылдың соңғы тоқсанындағы көрсеткішке қарағанда 14%-ға көп. 
Nikkei дерегіне сүйенсек, әсіресе өнеркәсіп пен сауда саласында қызмет ететін корпорациялар табысқа кенеліп отыр. Ал қоғамдық тамақтану және әуе көлігі саласы, керісінше, індет кесірінен шығынға ұшыраған. 

Табиғат Нұрболат

Фото: businesstoday.in

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу