Жеті адамның улануына себепкер болған тұрғын сотталды

Кінәлі бас бостандығынан айырылды.  

Жеті адамның улануына себепкер болған тұрғын сотталды Фото: 365info.kz

Өткен жылдың мамыр айында Павлодар облысы Ертіс ауданында бірден 7 ер адам белгісіз сұйықтықты ішкен соң уланып, көз жұмған еді. Бұл қайғылы жайт күллі елдің назарын аударған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Кейін белгілі болғандай, олардың барлығы метил спиртін ішкен. Ал бұл сұйықтық жергілікті шаруа қожалықтарының бірінде ауыл шаруашылығы техникаларын бөлшектерін тазалау үшін қолданылған. Механизатор оны ұрлап, достарына берген. Оны ішкен жеті адам бірден тіл тартпай кетті. Азаматтың өзі бұл сұйықтықты қолданбапты.

Бүгін Ертіс аудандық сотында аталмыш фактіге қатысты іс қаралды. Оның кінәсі өзінің және жәбірленушілердің сөзі, құжаттар арқылы дәлелденді. Бірақ сотталушы мен оның қорғаушысы бас бостандығынан айырмауды сұрады. 

Тараптарды тыңдаған сот айыпталушының әрекеті абайсызда жасалатын  қылмыстарға жататынын ескеріп, оған ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 2 жыл қамауда ұстау туралы шешім шығарды. 
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу