Жеті айда 1,5 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

799

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 238 мың адам. 

Жеті айда 1,5 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

2021 жылдың қаңтар-шілде айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 478,9 млрд теңгеден астам қаржы, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 083 млрд теңге бағытталған, деп inbusiness.kz  Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды .

2021 жылдың шілде айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,2 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 154,1млрд теңге бөлінді.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақыны қосқанда) 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 99 921 теңгені құрады.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу