Жеті айда еліміздің экономикасында 3,3% өсім болды

590

2022 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы.

Жеті айда еліміздің экономикасында 3,3% өсім болды

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биыл ел экономикасындағы өсім 3,3%-ды құраған.

  • Нақты сектордағы өсім – 3,4%,
  • Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік – 2,5%,
  • Құрылыс – 8,6%,
  • Ақпарат және байланыс – 6,5%,
  • Сауда – 6,2%,
  • Көлік және қоймалау – 5,6%,

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 4,5%-ға жеткен.

Мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру 99,2% өсім көрсетті:

  • Білім беру – 74,8%,
  • Сауда – 26,4%.

Өңдеу өнеркәсібі оң қарқынын сақтап отыр (өсім – 4,9%). Оң өсім 17 өңірде тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер ШҚО-да – 15,3%, Алматыда – 13,3%, Қостанай облысында – 12,3%, Абай облысында – 12,3%, Шымкентте 9,6% тіркелді.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша өсім:

  • Автомобиль жасау – 19,6%,
  • Компьютерлер, электронды және оптика құралдар жасау – 13,8%,
  • Химия өнеркәсібі тауарлары – 10,6%,
  • Сусындар – 9,1%,
  • Машина жасау – 7,7%,
  • Киім – 5,5%

Ауыл шаруашылығындағы өсім 2,1%-ды құрады. Оң динамика 16 өңірде байқалады.

Барлық көрсеткіштер бойынша өсім 3 өңірде байқалады:

  • Шымкент
  • Қарағанды облысы
  • СҚО
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу