Жеті атаға дейін қыз алыспау заңмен бекітілмек

5815

Бұл талап Отбасы кодексінің жаңа жобасына енгізілген.

Жеті атаға дейін қыз алыспау заңмен бекітілмек Фото: canva.com

Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі әзірлеген Отбасы кодексінің жаңа жобасында некеге тұруға рұқсат етілмейтін азаматтардың санаттары айқындалған. Ол қоғамдық талқылау үшін жарияланған.

Оған сәйкес, енді жеті атаға дейін туыс саналатын жастар шаңырақ көтере алмайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz cайты.

Қырғызстанда келесі санаттарға жататын азаматтар бір-біріне үйлене алмайды: 

  • Өзге адаммен некеге тұрғандар;
  • Жеті атаға дейін туыстас жандар; 
  • Асырап алушы мен асырандылар;
  • Жазасын өтеп жатқан сотталғандар;
  • Бір жынысты адамдар. 

Бұл санаттарға жатпайтын жастар өзара келісімі болған жағдайда және 18 жастан асқан болса, еш кедергісіз некеге тұра алады. Үйленер алдында олар бір-біріне өздерінің денсаулық жағдайын хабарлауы тиіс. Бұл үшін олар арнайы медициналық тексеруден өтеді. Оның қорытындысы медициналық құпия болып саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу