Бішкектің оңтүстік-шығысындағы Асанбай шағынауданында жеті дәмхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22 қазан күні 10:17-де "Бигмар" ЖАҚ ғимаратында өрт тұтанады. Лапылдаған жалын көрші ғимараттарды да шарпып, 3,1 мың шаршы метр аудан өртке оранды.
"Корчма", "Марио", "Бұхара", "Асанбай", "Ганбей", "Барк Лайс" және "Кайзер" дәмханасы өртенді.
Зардап шеккен 13 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу