Жеті мемлекетке валюталық дағдарыс қаупі төніп тұр. Nomura Holdings Inc сарапшылары бұл қатарға Шри-Ланка, Оңтүстік Африка, Аргентина, Пәкістан, Мысыр, Түркия және Украинаны енгізген, деп хабарлайды Atameken TV.
Сондай-ақ, болжам бойынша алдағы 12 айда аталмыш жағдай 30 дамушы елде тіркелуі ықтимал.
"Damocles" индексіне сәйкес әр мемлекеттің экономикалық көрсеткіштері 200 ұпаймен бағаланады. 150-ден асқандар қатер сызығына ілігеді. Осыған орай ең үлкен қауіп 175 ұпаймен Шри-Ланкада және 143 ұпаймен Оңтүстік Африкада тіркелді.
Ал, Nomura индексіне сүйенсек, нөлдік көрсеткішпен сегіз дамушы елде валюталық құлдыраудың ықпалы аз. Бұл тізімге Бразилия, Болгариямен қатар Қазақстан мен Ресей кірген.