Жеті күнде Қазақстанда тұрғылықты мекенжайы бойынша 158 мың азамат тіркеуден өтті

999

Жеті күнде Қазақстанда тұрғылықты мекенжайы бойынша 158 мың азамат тіркеуден өтті

Жеті күн ішінде Қазақстанда тұрғылықты мекенжайы бойынша 158 адам тіркеуге тұрды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" еліміздің ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қаңтарда тұрғылықты орны бойынша  30069 адам рәсімделген, оның ішінде  14523 адам тұрақты тұрғылықты орны бойынша және 15546 адам уақытша тіркеуге тұрды, делінген ІІМ баспасөз қызметінің сенбі күні таратқан ақпаратында.

"Барлығы 7-13 қаңтар аралығында  157778 азамат тіркеуге тұрды, оның  79412 тұрақты және 78366 уақытшы тұрғылықты орнына тіркелді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда баспанасын жалға берушілер жалдаушыларды тіркеуге міндеттейтін заң күшіне енді.  Сондай-ақ азаматтардың бір айдан артық мерзімге уақытша келген орнына міндетті түрде тіркелуге міндеттелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу