Жеті күндік құлдыраудан кейін Tesla акцияларының бағасы көтерілді

536

Жалпы бір жылда компания шамамен 70% жоғалтты. 

Жеті күндік құлдыраудан кейін Tesla акцияларының бағасы көтерілді Фото: profinance.ru

Жеті күндік құлдыраудан кейін Tesla акцияларының бағасы кеше ақыры 3,19%-ға көтеріліп, 112 долларға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz. Алайда, желтоқсанда олар өз құнының 42% дерлік, ал жалпы соңғы 12 айда шамамен 70% жоғалтты.

Желтоқсан айында 18 сауда күні болды. Олардың тек 3-інде ғана Tesla акциялары өсім көрсетті, ал 15-інде төмендеумен аяқталды. Автокөлік өндірушінің акцияларының бағасы қазір 2020 жылдың қыркүйегінен бергі ең төменгі деңгейде болды.  

Компания Қытайдағы коронавирустық індетке байланысты Шанхайдағы зауытында жұмысты жоспарланғаннан бір күн бұрын тоқтатты.  Қаңтар айында Шанхай зауыты 3-19 қаңтар аралығында жұмыс істейді, ал Қытай Жаңа жылын тойлауға байланысты өндіріс 20-31 қаңтар аралығында тоқтатылады.

Илон Маск Twitter-ді сатып алғаннан бері Tesla акцияларының бағасы екі есе төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу