Елдегі қара металлургияның тұңғыш орталығы болып саналатын Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 75 жылдық мерекесі кезінде 200-ге жуық жұмысшы марапатталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Металлургтер мәдениет үйінде зауыт ардагерлеріне құрмет көрсетіп, марапатталды. Ардагерлер қатарында тағдыры кәсіпорын тарихымен тоғысқан ең алғашқы балқытуға қатысқандар, династия өкілдері, еңбек сіңірген және құрметті металлургтер бар. Саланы дамытуға қосқан үлестері үшін олар әкімнің алғыс хаттарымен, "Құрметті металлург", "Еңбек Даңқы" белгілерімен, ҚР кәсіподақтар федерациясының құрмет грамоталарымен және т.б. марапатталды.
Мереке Тұңғыш президент атындағы паркте жалғасып, эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама өтті. Сахнада кәсіпорынның ең үздік жұмыскерлері бой көрсетіп, облыс әкімінің грамотасымен, корпоративтік наградалармен, салалық озаттық белгілерімен, құрмет және еңбек сіңірген жұмыскерлері атағымен, ақшалай сертификаттармен марапатталды. Марапатталғандар қатарында түрлі кәсіп иелері бар.
Жеті жұмысшыға автомобиль кілті табысталды. Мерейтой аясында 200 зауыт жұмысшысы марапатталды.