Жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

237

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынға және тұрақсыз қар жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

Жеті облыста дауылды ескерту жарияланды Фото: Inbusiness.kz

18 қаңтарда еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде көктайғақ болады. Ауданның басым бөлігінде тұман. Атырауда түнде көктайғақ, кейде тұман болады деп болжанды.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Облыстың тау асуларында қар жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы асуларында 15-20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Түркістанда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ болады. Батыста, солтүстікте және облыс орталығында тұман түседі. Ақтауда кей жерлерде тұман болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында бұрқасын болады. Оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысының түнде батысында, солтүстігінде, күндіз шығысында және солтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысында 2024 жылғы 17-18 қаңтарда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынға және тұрақсыз қар жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Қар көшкінінің пайда болу қаупіне байланысты қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда сақ болыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу