Жеті облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді

380

Жолға жауаптылар аталған өңір тұрғындарын алыс сапарға шықпауға шақырады.    

Жеті облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді Фото: egemen.kz

Елімізде республикалық маңызы бар 10 күрежол жабық, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ҚазАвтоЖол" АҚ хабарламасына сәйкес, жеті өңірде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

"Ауа райының қолайсыздығына (боран, көрудің шектелуі), жасанды жолмен қар көшкінін түсіру және еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізуге байланысты Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді. Жоғарыда аталған өңір тұрғындарын алыс сапарға және жабылған күре жолдарға шықпауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы атап өткендей, ауа райы болжамы мен тасжолдардағы ахуал туралы хабарламаларды ескеру қажет.

Айта кетейік, бүгін боран салдарынан Ақтөбе облысында ірі жол апаты орын алды. 11 көлік өзара соқтығысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу