"Бүгінгі таңда еліміздің 11 өңірлік операторы мобильді банк арқылы көмірді саудалауда. Ендігі кезекте жаңа пилоттық жобаға Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы қосылды", – деп хабарлады министрлік.
Интернет арқылы сатып алынған көмірдің сапасы көңілден шықпаған жағдайда, сатып алушылар тауарды қайтарып беруге құқылы екенін атап өткен жөн. Жүктелетін көмірдің сапасына көз жеткізгеннен кейін тұрғындар қатты отынды өздеріне ыңғайлы уақытта алып кете алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу