Күндіз 26 тамызда Батыс Қазақстан облысында 36 градус ыстық күтіледі. Өрт қауіпі сақталады.
Күндіз 26 тамызда Атырау облысында 39 градус қатты ыстық сақталады. Облыста өрт қаупі бар.
Күндіз, 26-28 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 26 тамызда тәулік бойы жел тұрады, ал 27-28 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі сақталады.
Күндіз 26 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.
25 тамызда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан батысқа ауысатын желдің күші найзағай жарқылдаған кезінде күшейіп, 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Өрт қаупі сақталады.
Күндіз 26 тамызда Қостанай облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталықта, оңтүстікте және батыста өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында 38 градусқа градусқа дейін қатты ыстық болады. Өрт қаупі сақталады.