Жеті павлодарлық амнистияға ілікті

Олардың кейбірі бостандыққа шығады.  

 Жеті павлодарлық амнистияға ілікті Фото: Константин Шелков

Елімізде қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтарға амнистия жариялау бойынша заң күшіне енді. Соған сәйкес, павлодарлықтардың жазасы біршама жеңілдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Жыл басында ел көлемінде орын алған оқиғаларға қатысқан тұрғындарға рақымшылық жасалатын болды. Мұндай шешім Павлодар облысының 7 азаматын заң алдындағы жауапкершіліктен босатып, азайтты. 

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафиновтың айтуынша, №45 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан тұрғындардың бірі бостандыққа шығады. 

"Тағы алты адам пробация қызметінде тіркеуде тұр. Олардың екеуі жазаны өтеуден босатылса, төрт сотталушының жаза мерзімі қысқарады. Барлығына қатысты материалдар сотқа жолданды. Олар жақын күндері қарастырылады", - дейді Әділет Мұстафинов. 




 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу