Жеті заңның ережелері Конституциялық нормаға сай келмейді

191

Бүгін Мәжіліс қабырғасында Қазақстан Республикасындағы конституциялық  заңдылықтың жай-күйі туралы сөз болды. 

Жеті заңның ережелері Конституциялық нормаға сай келмейді Фото: freepik

Конституциялық нормалардың сақталмауына байланысты жеті заңның және Жоғарғы Соттың бір нормативтік қаулысының ережелері Конституцияға сәйкес келмейді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Заңнамаға сәйкес келмейтін тұстары:

- [ ] Салық кодексінің 610-бабы 2-тармағы - талап қою арыздарын бергені үшін мемлекеттік баждыңбелгіленген мөлшері бөлігінде және әкімшілік талапқою кезінде сот арқылы қорғауына конституциялыққұқыққа нұқсан келтіруге және шектеуге әкеп соғатын ереже (жойылды);

- [ ] Мемлекеттік қызмет туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 6) және 14-тармақшаларының, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңның 38-бабы 2-тармағының 11) тармақшасының, құқық қорғау қызметі туралы Заңның 6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасының ережелері

- мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық шараларынан туындайтын құқықтықшектеулердің сәйкессіздігіне байланыстымемлекеттік қызметке кіруге мерзімсіз тыйымсалуды белгілеу;

- [ ] сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралыЗаңның 13-бабы - Конституцияда белгіленгенмақсаттарға нақты айқындалған құқықтықбайланыстың болмауынан кәсіпкерлік қызметбостандығына конституциялық құқықты шектеудібелгілеу;

- [ ] Қылмыстық-атқару кодексінің 141-бабыныңүшінші, бесінші бөліктері және алтыншы бөлігінің 1)тармақшасы - күшіне енген сот үкімі негізінде басбостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталғандардың туыстарымен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кездесулерінің әртүрлі санынбелгілеу (жойылды);

- [ ] Жоғарғы Соттың №2 нормативтік қаулысыныңережесі - сотқа бала асырап алу туралы арыз берген кезде сотқа жүгінуге конституциялыққұқықты шектейтін және баланың мүдделерінбарынша қамтамасыз ету мемлекетініңміндеттемесіне сәйкес келмейтін молекулярлық-генетикалық сараптаманың қорытындысын ұсынутуралы императивті талапты белгілеу (жойылды);

- [ ] Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 482-бабыныңбірінші бөлігі - қорғаушының кассациялық ісжүргізуде және үкімді орындау сатысындасотталғанның құқықтары мен мүдделерін білдіру өкілеттігін шектеу.

"Қазіргі уақытта анықталған құқықтық қайшылықтар екі заңда және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында жойылды. Мемлекеттік қызметке және оның ерекше түрлеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сондай-ақ, қорғаушының кассациялық іс-жүргізудегі өкілеттігіне қатысты мәселелер бойынша тиісті заң жобалары Парламентте қаралуда. 

Сонымен қатар, қолданыстағы заңдардың Конституциялық Сот түсіндірме берген нормаларына заң шығарушы барынша тиімді нормативтік құқықтық реттеуді әзірлеу бөлігінде назар аударуы қажет", — деді Конституциялық Соты төрағасы Эльвира Азимова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу