Анасының сөзінше, душ суының температурасы кененттен өзгеріп, ыстық су аға бастаған.
Салдарынан бала құлап кетіп, арқасы мен алақанын күйдіріп алыпты.
– Су температурасының өздігінен ауысуы желтоқсанда, жертөледе сантехниктің жөндеу жұмыстарын жүргізген соң басталды. Шағым бойынша пәтер иелері кооперативіне жүгінсек, төраға қабылдағысы келмеді. "Бұл менің мәселем емес, маған қатысы жоқ" деп айтты, – деді зардап шеккен баланың анасы Александра Тимошина.
"Астана ЖылуТранзит" өкілдері үйлерге жылудың берілуіне ғана жауап беретінін айтады. Пәтерлерге қалай бөлінетінін пәтер иелері кооперативі шешеді екен.
– Біз ғимараттардың жертөлесіне жауаптымыз, яғни құбыр ауыстыру және т.б. Ыстық суға қатысымыз жоқ. Мұндай мәселе тек осы үйде ғана емес, – дейді диспетчер.
Александраның айтуынша, соңғы аптада тек ұлы ғана емес, көршілері осындай жағдайға тап болыпты. Болған жағдайға көз жұмып қарай алмаймын деген ол ұлының еміне кеткен шығынды өндіріп алмақшы.