Жетібай-Жаңаөзен жолдары үнемделген қаражат есебінен салынады

1046

Жетібай-Жаңаөзен жолдары үнемделген қаражат есебінен салынады

Жетібай-Жаңаөзен жаңа жол учаскесі Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы келісім-хат аясында 73,3 млн доллар көлемінде үнемделген қаражат есебінен салынады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР парламенті мәжілісінің пленарлық отырысында мәлім етті, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Министр Жеңіс Қасымбек депутаттарға "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 11 ірі автожол жобасын іске асыру көзделетіні, оның бір бөлігін халықаралық қаржы институттарының қарызы  есебінен іске асыру жоспарланып отырғаны туралы айтты.

"Ағымдағы жылы Қаржы министрлігімен бірлесіп, қарыздар мен кейінгі ратификациялау туралы қажетті келісімдерге қол қою үшін дайындық жұмыстары аяқталады. Бүгін "Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы" заң жобасын назарларыңызға ұсынамыз. Қарыз туралы негізгі келісімге 2013 жылғы 18 маусымда қол қойылған және ол 2013 жылғы 26 желтоқсандағы Заңмен ратификацияланған", - деді ҚР ИДМ басшысы.

Ол жобаларды іске асыру барысында жалпы үнемдеу сомасы пайда болғанын атап өтті.

"Үкімет 73,3 млн доллар көлемінде үнемделген қаражатты Жетібай-Жаңаөзен учаскесін қайта жаңартуға пайдалану туралы шешім қабылдады, оған 2017 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы мен АДБ арасындағы келісім-хатқа қол қойылды. Жобаны іске асыру мерзімі– 2017-2021 жылдар", - деп атап өтті Ж. Қасымбек. 

Сондай-ақ министр мұндай үнемдеудің ненің есебінен қалыптасқанын түсіндіріп өтті.

"Осы қарыз бойынша үнемделген қаражат сомасы – 150 мың доллар және біз бұл қаражатты келесі учаскелерге пайдалануды жоспарлап отырмыз. Жалпы, екі жыл ішінде үнемделген қаражаттың 90%-ы теңге бағамының өзгеруі есебінен қалыптасты", - деді ведомство басшысы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу