Жетім бала баспана кезегінен шығып қалған

826

Ол, тіпті, облыс әкімі Даниал Ахметовтің қабылдауына кіре алмай жүр.

Жетім бала баспана кезегінен шығып қалған Фото: Ашық дереккөзден

Өскеменде Шыңғыс Құмарханов есімді ата-ананың қомқорынсыз қалған бала пәтер кезегінен айырылып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Ол өзі тұрған балалар үйінің директоры есепшотыма жиналған жәрдемақыға пәтер кезегі келгенше баспана сатып ала тұр деп, кеңес берген, дейді. Яғни, ескі жатақхананың бір бөлмесін сатып алуға көмектескен. Енді ескі үйде есі шыққан Шыңғыс бұрынғы тұрған үй кезегіне қайта тіркелу үшін бармаған жері, ашпаған есігі қалмаған. Тіпті облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі қабылдамай қойды деп, жыларман болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу