Жетім балалар көшеге шықпай, шыдамдылықпен күтуде – Божко

1331

"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырылуда.  

Жетім балалар көшеге шықпай, шыдамдылықпен күтуде – Божко

"Нұрлы жер" бағдарламасы Елбасының бастамасымен 2017-2021 жылдарға арнайы әзірленіп, бекітілген. Бұл бағдарлама аясында тұрғын үй саласын дамыту мақсатында әртүрлі көздерден 1 трлн 632 млрд теңгеге бөлінді. Соның ішінде, 2018 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несиелеудің барлық түрлері бойынша 360 млрд теңге сомасына 39 295 несие берген. Ал, 2019 жылы 361 миллиард теңге құрайтын 34179 несиесі халыққа жеткен.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко көп балалы отбасылар үшін бөлек кезек жасау маңызды шешім болғанын айтты.

"Балалар – біздің болашағымыз, елдің өркендеуінің кепілі, олар жақсы жағдайда өсіп, жақсы мектептерде оқып, зияткерлік, шығармашылық және физикалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алуы керек. Биыл пәтерлердің ең көп бөлігі көп балалы аналарға берілді. Осы санат бойынша кезекте тұрғандар 922 пәтер алды", – деді В. Божко.

Мәжіліс төрағасының орынбасары ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұлғайту қажеттігін сөз етіп, олардың көшеге шықпай шыдамдылықпен күтіп отырғандығын айтты.

"Екіншіден, жалдамалы тұрғын үй бөлуде үлесінің ұлғайуын талап етушілер – жетім балалар. Олар көшеге шықпай шыдамдылықпен күтуде. Биыл осы санаттағы 61 397 баланың 518-і ғана пәтер алған. Күту тізімдерінің санын ескерер болсақ, бұл өте аз. Кезектегілердің ең көбі бюджеттегілер мен қауіпсіздік күштері қызметкерлері – 209 870 адам. Айта кету керек, "Нұрлы жер" бағдарламасы заңды негіздерде ашық кезек қалыптастыруға және кезекте тұрған адамдарға пәтерлерді әділетті бөлуге негізделуі қажет. 2019 жылы 4537 адам пәтер алды", – деді Владимир Божко.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко атаулы әлеуметтік көмек алу үшін кейбір азаматтардың заңсыз әрекеттерге баратындығын жеткізді.

"Бір маңызды аспектке назар аудару қажет. Еңбек министрлігінің  тексеруі барысында 73 мың азамат дұрыс толтырылмаған құжаттармен және табыс деңгейін қасақана нашарлатып көрсету арқылы атаулы әлеуметтік көмек алуға талпынған. Осындай 27 мың төлем тоқтатылды. 37 мың АӘҚ қайта есептелді. Жергілікті атқарушы органдардың жеңілдік кезегін қалыптастыру кезінде ұқыпты болуын талап етеді", – деді В. Божко.

Нұржан Көшкін

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу