Жетім балаларды асырап алуға ниеттілер көбейген

1133

Жетім балаларды асырап алуға ниеттілер көбейген

Ақтөбедегі "Үміт" сәбилер үйі бас дәрігерінің айтуынша, жетім балаларды асырап алуға ниеттілер көбейген, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

"Үміт" сәбилер үйінде бүгінде 55 бала тәрбиеленіп жатыр. Олар медициналық және педагогикалық көмек алады. Бұл балалардың 23-інен ата-анасы уақытша бас тартса, 11-і тастанды бала. Ата-аналары мүлдем бас тартқан бала саны - 16. Олардың кейбірінің баласы бас бостандығынан айырылса, кейбірі психикалық ауруына байланысты ұзақ мерзімге ем алып жатқандар. Қазіргі кезде бізде балалардың ми қызметін дамытуға арналған кабинет ашылды. Бұрын сал ауруына шалдыққан балаларды Алматы, Астана қалаларына жіберетін болсақ, қазір өзімізде емдеу мүмкіндігі туды. Жаңа туған балаларды асырап алуға ниеттілер саны соңғы жылдары көбейіді", — дейді "Үміт" сәбилер үйінің бас дәрігері Қадірбек Иманбаев.

Сәбилер үйінде жаңа туған нәрестелерден бастап 4 жасқа дейінгі бүлдіршіндер тәрбиеленеді. Бала асырап аламын деушілерге арнайы ақпараттық желі жұмыс жасайды.

"Асырап алушылар балаларды портал арқылы таңдай алады. Асырап алуға соңғы жылдары сұраныс көп. Салыстырмалы түрде айтсақ, бес жыл бұрын жетім балаларды асырап алғысы келетіндер саны өте аз болатын. Ал қазіргі көбейді. Олардың көбі 5-6 жыл бірге тұрып, бала болмаған соң асырап алуға ниет білдірген. Балалардың дені туа бітті ақаумен дүниеге келген", — дейді Қадірбек Иманбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу