Жетім балалардың 80%-ы қазақстандық отбасылардың қамқорлығына берілген

363

Былтыр 700-ден астам жетім бала баспаналы болды. 

Жетім балалардың 80%-ы қазақстандық отбасылардың қамқорлығына берілген Фото: Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері әрбір жетім баланың отбасында өмір сүру құқығын қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінде жетім балалардың 80%-ы қазақстандық отбасылардың қамқорлығына берілген. Жыл сайын Қазақстан азаматтары өз отбасыларына 1000-нан астам жетім балаларды қабылдап келеді.

"Біз балалар үйлерін институционалсыздандыруды жалғастырып келеміз және 3 жыл ішінде олардың саны 21 ұйымға азайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балаларды отбасыларға орналастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ интернат ұйымдары тәрбиеленушілерінің санын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Сондай-ақ, былтыр 700-ден астам жетім бала баспаналы болғанын айта кету керек, бұл олардың негізгі құқықтары және толыққанды дамуы үшін жағдай тудырудағы тағы бір маңызды қадам болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу