Жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры 12 млн теңге жымқырған

720

Мектеп директоры сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырған. Сондай-ақ, танысына қарызын оның жұбайын жұмысқа алу арқылы қайтарған.

Жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры 12 млн теңге жымқырған

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы А.Базарханованың өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарғанын, жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Базархановаға қатысты қылмыстық істің тергеуін ҚМА ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген. Тергеу барысында А.Базарханованың 2013-2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақша қаражатын ұрлағаны, яғни мектеп директорының сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырғаны анықталды. Нәтижесінде балалар білікті ем алу құқықтарынан айрылған.

Бұдан басқа, А.Базарханова интернат қызметкерлеріне қосымша жұмыс істегендері үшін ақы аударып отырған, кейіннен олар ол ақшаларды есеп шоттарынан шешіп, Базархановаға қайтарып беріп отырған. Шын мәнінде қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған.

Сонымен қатар, А.Базарханова өзінің танысына қарызды қайтару мақсатында оның жұбайын жұмысқа алды. Осылайша, өзінің қарызын қайтару мақсатында жалған жұмысқа орналасушыға 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан таражға салған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу