"Жетімдер үйінен шыққандардың басты қиындығы – үй кезегі"

612

Тіркеуде тұрған жерінен кетіп қалғандарды әкімдік бірден кезектен шығарып тастайды.

"Жетімдер үйінен шыққандардың басты қиындығы – үй кезегі"

Жетімдер үйінен шыққандардың басты проблемасы – үй кезегі. Тіркеуде тұрған жеріңнен кетіп қалсаң, әкімдіктегілерге де керегі осы, бірден кезектен шығарып тастайды.

Мәжіліс депутаты Генадий Шиповских "...Сұрауы бар" Youtube арнасындағы "Qazaq bol" бағдарламасына берген сұхбатында осылай деді. Мемлекет қарауындағы балалардың басындағын жағдайды бір кісідей жақсы біледі. Кезінде өзі де жетімдер үйіне түсіп, кейін қазақ отбасы бауырына басып алған.

"Мұрат әкем "жетімді ешқашан ұрма. Саған дейін оны Құдайдың өзі ұрған" деп айтатын. 2004 жылы мен тәрбиеленген жетімдер үйінде 120 бала болса, қазір 20-25 балаға дейін азайды. Жетімдердің басты проблемасы – үй кезегі. Мысалы, мен Қызылорда қаласында тұрамын дейік. Кезекте 50-орында тұрып қызмет, отбасылық жағдаймен Алматыға ауысып кетсем, кезектен түсіп қаламын. Біз ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға басқаша көзқараспен қарауымыз керек. Біз, депутаттар, жетім балалардың кезегін көшіп-қонғанына қарамастан өзгеріссіз қалдырса деген мәселені көтергенбіз. Бірақ әлі нәтиже жоқ", – дейді Генадий Шиповских.

Депутат үндеуімізге Үкімет құлақ аспаса да, қайырымды жандардың көмегімен Қазақстандағы жетімдер үйін толық жабуға болар еді деп есептейді.

"Бүгінгі күні елімізде көптеген ауқатты кісілердің жетім балаларды өздерінің қамқорлығына алатындай жағдайы бар. Сондықтанда сол кісілерге көбірек заңнамалық тұрғыдан мүмкіндік беру керек деп ойлаймын. Жетімдер үйі сөзбен жеткізе алмайтын қасірет. Оның үстіне "сырты бүтін іші түтін" болып жатады", – дейді Генадий Шиповских

Сұхбаттың толық нұсқасын сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу