Жетімдердің ақшасын жымқырған

857

Ақтөбе облысында қамқоршылар 1,5 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген.

 Жетімдердің ақшасын жымқырған

Ақтөбе облысында жетім балалардың қамқоршылары 1,5 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген. Мұндай ірі көлемдегі жымқыру дерегі аудиторлық тексеру кезінде анықталыпты, деп жазды inbusiness.kz.

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері Хромтау аудандық білім беру бөлімінде аудиторлық тексеру жүргізу барысында өрескел заң бұзушылықты анықтады. Белгілі болғандай, қамқоршылар 2018-2020 жылдар аралығында кәмелетке толмаған жетім балалардың төлемдерін екі көзден алып отыру үшін қос-қостан шот ашқан.

"Осы кезеңде аудандық білім беру бөлімінде қамқоршылар үшін "Қазпошта" АҚ мен "Халық Банкі" АҚ-да бір мезгілде осы карт-шоттарға қаражат аударумен шоттар ашылғаны анықталды. Яғни бір төлем қамқоршыларға екі рет түскен, бұл "Отбасы және неке туралы" ҚР Заңының және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің талаптарын бұзу болып табылады", – деп хабарлайды ҚР Ішкі мемлекеттік аудит комитеті. 

Нақтырақ айтқанда, 2018 жылы 737,3 мың теңге, 2019 жылы 876,5 мың теңге, 2020 жылы 23,9 мың теңге, барлығы 1 млн 637,7 мың теңге артық аударылған. Қазіргі күні бюджетке 1 млн 637,7 мың теңге өндіріліп, мекеменің бухгалтері тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу