Жетімдердің мәселесін шешумен айналысатын қауымдастық құрылды

972

Бірлестік жетімдерді жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар бизнесмендер мен меценаттардың қолдауына мұқтаж. Олар кәсіпкерлерден көмек сұрап, үндеу тастады.

Жетімдердің мәселесін шешумен айналысатын қауымдастық құрылды

Қазақстанда балалар үйі түлектерінің қауымдастығы құрылды. Бұл бірлестік білім алу, жұмысқа орналасу, баспаналы болу сынды қиындықтарға тап болған жетімдердің мәселесін шешуге көмектеспек, деп хабарлайды Atameken Business.

Мұндай ақпаратпен жаңа қауымдастықтың басшысы Рафаэль Гасанов бөлісті. Оның сөзінше, биыл балалар үйлерінің 735 тәрбиленушісі 9-сыныпты аяқтады, 117 түлек жоғарғы оқу орнына түскен, 89-ы білімін колледжде жалғастырып жатыр. Оған қоса, бүгінде 125 балалар үйінде 5 мыңнан астам жеткіншек тәрбиеленіп жатыр.

Рафаэль Гасановтың айтуынша, бірлестік жетімдерді жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар бизнесмендер мен меценаттардың қолдауына мұқтаж. Олар кәсіпкерлерден көмек сұрап, үндеу тастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу