Байоразова Әния 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған.
БАҚ және телевизия өндірісі саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман. Еңбек жолын университет қабырғасында жүргенде "31 арнадан" бастаған. Ақпараттық – ойын-сауық жобаларының жүргізушісі, сценарист әрі редакторы болды.
2010-2020 жылдар аралығында жаңалықтар қызметінде тілші, "Хабар" телеарнасында диктор, "Еларна" және "Алматы" телеарналарында түрлі тележобалардың жүргізушісі болып жұмыс істеді.
"Jas Otan" төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. "Biz Birgemiz" халықтық іс-шарасын сәтті ұйымдастырып, PR жұмыстарын жүргізді.
2020 жылдан ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ-де жұмыс істей жүріп, өзінің шығармашылық қызметін отандық телеарналарда жалғастырды.
Қазір Almaty Management University-де MBA дәрежесін алуда. Үш тілде еркін сөйлейді. Екі бала тәрбиелеп отыр.