Жетінші қабаттан құлап кете жаздаған кішкентай қызды құтқарып қалған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді

552

Жетінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне батыр жігіт Есдәулет Дәуітбековтің өзі мәлім етті.  

Жетінші қабаттан құлап кете жаздаған кішкентай қызды құтқарып қалған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді

"Бізді бүгін G-Park компаниясы шақырды. 3 бөлмелі пәтер берді. Ертеңнен бастап құжаттарды рәсімдейміз деді. Ал біздің дәл қазіргі тұрып жатқан үйімізді ипотекаға алғанбыз", – деді Есдәулет Дәуітбеков.

Сонымен қатар Есдәулет оқиғаның мән-жайын өзі толық баяндап берді.

"Мен аулада футбол ойнап жүргенмін. Көршілердің барлығы жинала бастады. Мен де барып мән-жайды білмек болдым. Сөйтсем, кішкентай бала терезенің алдында тұр екен. Терезеге маскеттік тор тағылған. Ол үзілуге сәл қалыпты. Кейін мен 7-қабатқа көтеріліп, бала тұрған үйдің есігін қақтым. Үйде үлкендерден ешкім болмады. Сосын пәтер иесінің рұқсатымен көрші үйдің балконынан шығып, баланы аман сақтап қалдым деп айта аламын. Бүлдіршін шамамен 3 жаста. Үйге кіргенде пәтерде тағы да үш бала бар екен. Анасы дүкенге кеткен. Мен балалардың анасы келгенге дейін бүлдіршіндермен бірге болдым. Көршілер полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырды. Олардың бір сағаттан кейін ғана келді. Ал бала өлім мен өмір арасында тұр ғой. Сол бір сағаттың ішінде не болатынын бір Құдай біледі. Сондықтан оған дейін қарап тұра алмадым", – деді ол.

Батыр жігіт бұл әрекетін марапат алу үшін жасамағанын жеткізді. Дегенмен оны елеп-ескерген қала тұрғындары мен лайықты құрмет көрсетіп жатқан жандарға алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу