Жетісайда зорлау қылмысы бойынша күдікті ұсталды

836

Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында

Жетісайда зорлау қылмысы бойынша күдікті ұсталды Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер азаматты қамауға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданған әйел, өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп арызданды.

"Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды. Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында", - деді Түркістан облысының полиция департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі Бақтияр Тастанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу