Жетісайда мақта алқаптарын суару жұмыстары басталды

217

Мақта алқаптарына су тұрақты әрі қажетті көлемде жеткізіліп жатыр.

Жетісайда мақта алқаптарын суару жұмыстары басталды Фото: gov.kz

"Қазсушар" РМК-ның Түркістан филиалы биыл Жетісай ауданындағы алғашқы мақта алқаптарына су жеткізе бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Төлеген ата" шаруа қожалығы суармалы суды К-30 каналы арқылы алып отыр. Егістік алқаптарын суаруға кіріскен диқандар биыл судың қажетті көлемде және тұрақты түрде беріліп жатқанын айтып жатыр.

"Биыл 9,5 гектар алқапқа мақта ектік, қазір алқапты суаруды бастадық. Су мол, тұрақты келіп жатыр. Ол үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғысымызды білдіреміз", – деді "Төлеген ата" шаруа қожалығының төрағасы Мейрамбек Қуатбек.

Айта кетейік, жыл басынан бері "Қазсушар" РМК-ның Түркістан филиалы Жетісай ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігі үшін 340 млн текше метрден астам су жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу