Жетісайдағы қайғылы оқиғадан кейін газ пайдаланушылар жаппай тексеріліп жатыр

266

Өңірде газды тұтынатын абоненттерге қатысты рейд басталды.    

Жетісайдағы қайғылы оқиғадан кейін газ пайдаланушылар жаппай тексеріліп жатыр Фото: gov.kz

Өрт сөндірушілер мен газ инспекциясының мамандары үйлерге барып, пештер мен мұржалардың жағдайын тексеруге кірісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар басқармасы жүргізген рейд барысында тек Түркістан қаласының өзінде 2800-ге жуық абоненттің газ пайдалану ережелерін сақтамағаны анықталды.

Өрт сөндірушілер мен газ инспекциясының мамандары үйлерге барып, пештер мен мұржалардың жағдайын тексеруді қолға алды. Тұрғындар да кешегі қайғылы жағдайдан соң сақтық шараларына мән беріп, жылыту пештерін қадағалай бастады.

"Көпшілігі газдың иісі шыққанда дыбыс шығаратын құралды "шиқылдап кетеді" деп қоспайды. Одан кейін мұржалары шіріген. Олардың барлығына ескерту айтылды", – деді қалалық газ инспекциясының басшысы Әлмұханбет Айменов.

Анықталған фактілер бойынша ескертпе қағаздары берілді. Егер ескертуге мән бермесе, 306-бап бойынша айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Жалпы жылыту маусымы басталғалы елімізде 870 өрт болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу