Жетісайдан спорттық аяқ киімдер шығып жатыр

2776

Түркістан облысы, Жетісай ауданы  Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде спорттық аяқ киім шығаратын шағын цех жұмыс істейді.

Жетісайдан спорттық аяқ киімдер шығып жатыр

Бүгінде өндіріс орнында 30 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орнының қуаттылығы тәулігіне 1500 жұп аяқ киім шығаруға дейін жетеді.  Жеке кәсіпкер Сәкен Шораев шығаратын спорттық аяқ киімдер жергілікті базарлар мен көршілес аудандарда аса сұранысқа ие. Бұл аяқ-киімдердің бағасы 1900-2000 теңгенің көлемінде. Яғни, өте арзан. Кәсіпкер шикізатты Қытайдан алдырады. Алдағы уақытта кәсібінің ауқымын кеңейтуді де жоспарлап отыр.

"Өзіміздің отандық өнімдерімізді болашақта брендке айналдырсақ, шағын кәсіпорынымыздың ауқымын кеңейтіп, қуаттылығын екі есеге арттыру ойда бар. Ойымыз жүзеге асып жатса, тағы да қосымша жұмысшыларды қабылдап, халықтың тұрмысын жағдайын жақсартсақ. Жетісайдан шыққан спорттық аяқ киімдерді алыс-жақын шетелге экспорттасақ деген үмітіміз бар",– дейді Сәкен Шораев.

Екі жылдан бері тоқтаусыз жұмыс жасап келе жатқан өндіріс орны бәсекелестікке толықтай төтеп бере алады. Себебі, өндірген өнімдерінің бағасы төмен болғанымен, сапасы жоғары екен. Көлемі жағынан 25 пен 45 "размерлі" спорттық бағыттағы аяқ киімдерді тігеді. 

"Күні бүгінге дейін цехқа шамамен 1 миллион доллардай инвестиция салып қойдым. Мемлекет тарапынан ешқандай қолдау болып жатқан жоқ. Бұл бір тәуекел бизнес жоба болды. Бұдан мол табыс таба алмайды екенсің. Тәуекелмен жүзеге асырып көрдік. Алдағыны уақыт көрсетеді",– дейді кәсіпкер.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу