Жетісайдың әкімі парамен ұсталды

1490

Жетісайдың әкімі парамен ұсталды

Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаев пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды ernur.kz. 
Ол бұл соманы қызметтік кабинетінде алып жатқан жерінен ұсталыпты. Аудандық соттың бас маманы Талғат Шахитдиновтың мәліметінше, қала басшысы жергілікті тұрғыннан 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке іліккен.
Байдуалы Базарбаев өткен жылы шаһардағы қоғамдық әжетханалардың бірінің ашылуына барамын деп, ел ішінде танымал әкім боп шыға келген еді. Қазақстандықтар әжетхана ашқан әкімді келеке етіп, көбі сынның астына алған болатын. Жұртшылықты қажетті өтейтін орынның құрылысына кеткен қаржы көлемі де ашуға булықтырған еді. Тұрғындар оған жұмсалған 3 млн теңгеден астам қаржыға шағын үй салуға болады деп шамданған-ды.
Қазіргі таңда Байдуалы Базарбаев құны 13 млн теңгеден астам тұратын үйін кепілдікке қойып, кепілмен уақытша бостандыққа шықты. Әкімнің параны қандай мақсатпен алғаны әзірге айтылмайды. Бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу