Жетісайлық диқандар қауын экспортын бастады

500

Жетісайда қауын пісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісайлық диқандар қауын экспортын бастады Фото: inform.kz

Қазір шаруалар өнімді жинап, сатуға шығарып жатыр. Мәселен, Талапты елді мекеннің тұрғыны Олжас Қосқара ерте көктемде 9 гектар жерді игеріп, қауынның "Аэропорт" деп аталатын сортын еккен болатын. Арада 65 күн өткенде шаруа өнімінен жеміс ала бастады.

"Биыл алғаш рет қауын егіп отырмын. Қауын күтімді қажет ететін дақыл, дер кезінде суын беріп қажетті дәрумендермен қамтамасыз етіп отырмасаң ойдағы өнім алу қиын. Ағын судан ешқандай тапшылық болған жоқ. Қазір 1 келісін 830 теңгеден Ресейге жөнелтіп жатырмыз", - дейді жас дихан Олжас Қосқара.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу