Жетістікке жеткен жас спортшыларды ҰБТ-дан босату ұсынылды

1707

"Спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткен спортшыларды ҰБТ-дан босату тетіктерін қарастыруды сұраймыз", – деді Параламент сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы пленарлық отырыста.

Жетістікке жеткен жас спортшыларды ҰБТ-дан босату ұсынылды

Қазақстан Параламенті сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткен жас спортшыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) босату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Депутат бұл ұсынысты пленарлық отырыста вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықоваға қойған сауалында айтты.       

"Өнер және спорт саласындағы колледждерде оқып, халықаралық деңгейде жетістіктерге қол жеткізген колледж түлектері ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ тапсырғанда төмен балл алып, мемлекеттік грант ала алмайды...Спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткен спортшыларды ҰБТ-дан босату тетіктерін қарастыруды сұраймыз", – деді Мұрат Бақтиярұлы.

Оның ойынша, өнер мен спорт – Қазақстанның халықаралық беделіне үлес қосатын салалар.

Депутататтың мәліметінше, 2018 жылы "Дене шынықтыру және спорт" мамандығына 450 грант бөлінген, берілген өтініш саны 2353 болған. Өтініш бергендердің ішінде 1222 спортшы бар, конкурс қорытындысы бойынша тек 107-сі ғана мемлекеттік грант алған.

"Осының нәтижесінде жүздеген спортшы, әртүрлі жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері, халықаралық деңгейдегі 11 спорт шебері, 50 спорт шебері, 300-ден астам спорт шеберіне үміткерлер мемлекеттік грантты ала алмай қалған", – деп атап кетті депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу