"Жетістікке жетуіме әйелімнің қосқан үлесі зор": Демеу Жадыраев жары туралы айтты

428

Тікелей эфирде спортшы жұбайына алғысын білдірді.

"Жетістікке жетуіме әйелімнің қосқан үлесі зор": Демеу Жадыраев жары туралы айтты Фото: @demeu_zhadrayev инстаграм парақшасынан

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Қазақстан Ұлттық арнасына берген сұхбатында келіншегі туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшы сүйікті жары оған әрдайым қолдау көрсетінін айтып, жұбайына тікелей эфирде алғысын білдірді.

Мені осы жетістікке жетуіме әйелімнің қосқан үлесі зор. Әрқашан қолдап, маған сенді. Өте көп көмектесті, алғысымды білдіремін. Әрдайым түсіністікпен қарайды. Мені жігерлендіреді, көп қолдау білдіреді. Керек кезде дөп тигізіп, жадыратып жіберетін кездері бар, – дейді Демеу Жадыраев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу