Жетісу ауданының бюджеті үш есеге артты

539

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. 

 Жетісу ауданының бюджеті үш есеге артты Фото: azattyq-ruhy.kz

Жетісу ауданының бюджеті 3 есеге жуық, 6,3 млрд. теңгеден 18,1 млрд. теңгеге дейін көбейді. Бұл штат санын 19 адамға, 36-дан 55-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Қаржыландыру көлемінің өсуі барлық аудан әкімдіктеріне жаңа функция беру аясында жүзеге асқан, деп жазады inbusiness.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

"Мәселен, децентрализациялау аясында Жетісу ауданының әкімдігі биыл 500 млн. теңге сомаға 30 мың м2 жолға ағымдағы жөндеу жүргізеді", - деді әкім.

1 сәуірден бастап Алматы қаласының аудан әкімдіктеріне 15 функцияны берумен бірге бюджет те ұлғайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу