Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев 1964 жылы туған.
Білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын "орман шаруашылығы", Қазақ ұлттық аграрлық университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алакөл ауданында "Левобережный" кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. Ұзақ жыл Алакөл ауданы Үшарал қаласында орман шаруашылығы саласында еңбек етті.
Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.
2022 жылдың ақпанынан Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жеңіс Тұяқов Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.