Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары пара алды деп күдіктелуде

492

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. 

Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары пара алды деп күдіктелуде Фото: inbusiness.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті.

Ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңгені құрады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу