Жетісу облысына 188,2 миллиард теңге инвестиция тартылған

157

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысына 188,2 миллиард теңге инвестиция тартылған Фото: Ақорда

Бейбіт Исабаев өңірдің биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берді және алдағы жоспарын таныстырды.

– 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,4 пайызды құраған; 

– облысқа 188,2 миллиард теңге инвестиция тартылды, соның ішінде жеке инвестицияның мөлшері 136,7 миллиард теңгеге жеткен;

аймақ экономикасының аграрлық салаға негізделгенін ескере отырып, пайдаланылмаған жерлерді қайтару және айналымға енгізу шараларына, "Ауыл аманаты" бағдарламасын жүзеге асыру, қант өндірісін дамыту мәселелеріне баса мән берілгенін айтты;

өнеркәсіп өндірісін өркендету, өңірге инвестиция тарту жайында мәлімет берді:

– бірқатар перспективті инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Олардың қатарында Кербұлақ ауданындағы металлургия комбинаты, "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағындағы "Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы" индустриалды паркі, Жоңғар қақпасы аумағындағы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы сияқты ірі жобалар бар;

– өңірдің көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетін арттыру үшін жүйелі жұмыстар қолға алынған; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының жай-күйі туралы баяндады:

– жыл соңына дейін өңірді газбен қамту деңгейі 56,5 пайызға жетеді. 2028 жылға қарай Жетісу облысы көгілдір отынмен толық қамтылады деп күтіліп отыр;

– соңғы 2 жылда облыста 86 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынып, жөндеуден өткен; тұрғын үй және жол құрылысы, туризмді дамыту жайында ақпарат берді:

– жалпы Жетісудың туристік бағыты Алакөл, Балқаш көлдері, "Алтынемел", "Жоңғар Алатауы" ұлттық парктері, Жоңғар Алатауының тау массивтері секілді халық жиі баратын орындардың әлеуетіне иек артады;

– экологиялық туризмді дамыту мақсатында Бұрханбұлақ сарқырамасы мен Жасылкөлге апаратын жол салу жоспарланған.

Мемлекет басшысы өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу